
Брифинг барысында Қарағанды облысында туризм саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылымды жаңғырту және туристер қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары айтылды. Сондай-ақ Балқаш әуежайын жаңғырту, жаңа әуе рейстерін іске қосу, жол бойы сервистерін дамыту және демалыс аймақтарын абаттандыру мәселелері көтерілді. Бұдан бөлек, өңірде туристік полиция жұмысы күшейтіліп, бейнебақылау камералары орнатылатыны айтылды. Спикерлердің айтуынша, барлық шаралар туристерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Брифингке сілтеме: https://youtu.be/GLmavIGGy3c?si=-a3w0uH30ouH7HO2