
Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 2026 жылғы 1 маусымнан бастап №220/219 қосымша жолаушылар пойызы енгізіледі. Жаңа құрам тақ күндері күн аралатып қатынайтын болады, бұл өңір тұрғындары мен қонақтарының сапар мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Пойыз құрамында 6 вагон қарастырылған: оның ішінде 2 купелі және 4 плацкарт вагон. Бұл базалық жайлылық деңгейін қамтамасыз етіп, сұраныс жоғары кезеңде теміржол тасымалының қолжетімділігін арттырады.
Туристер үшін қолайлы жағдай жасау және Қарағанды облысының туристік әлеуетін одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.