Туристік маусымның жақындауына байланысты өңір қонақтары мен жергілікті тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде

Туристік маусымның жақындауына байланысты өңір қонақтары мен жергілікті тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде

Танымал туристік орындарда тәртіпті туристік полиция бақылайтын болады. Арнайы бөлімшелер Балқаш қаласында және Қарқаралы ауданында орналастырылады. Мамыр айының соңына дейін жағалау аймақтарында қосымша 102 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда, бұл қауіпсіздік деңгейін арттырып, ықтимал оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Су айдындары мен жағалау аумақтарында абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде: жағалау сызықтары тазартылып, демалыс аймақтары ретке келтірілуде, шомылуға және судағы белсенді демалыс түрлеріне арналған қауіпсіз шекараларды белгілейтін дабылдық қалқымалар орнатылып, тексерілуде.
Судағы қауіпсіздік мәселелеріне және ұйымдастырылған туризм үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылуда.

Жұмыстар салалық қызметтермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл жазғы кезеңде демалушылар ағынының артуына туристік нысандарды уақтылы дайындауға мүмкіндік береді.