Қарағанды облысы жазғы туристік маусымға дайындалуда!

Қарағанды облысы жазғы туристік маусымға дайындалуда!

Өңірде Торанғалық және Шұбар-Түбек кенттеріндегі коммуналдық жағажайлар мен жағалауларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда, демалыс аймақтары жаңартылуда. Ыңғайлы автотұрақ орындарын ұйымдастыру үшін автомобиль жолдары кеңейтіліп, жарықтандыру, қоқыс жәшіктері, орындықтар және ақпараттық стендтер орнатылуда.

Жағажай аумақтарында санитарлық-гигиеналық тораптар, душ кабиналары және қауіпсіз шомылуға арналған қалқымалы буйлар орналастырылады. Сондай-ақ құтқару және медициналық бекеттер жұмыс істейді, ал бейнебақылау камералары қауіпсіздікті күшейту мақсатында Жедел басқару орталығына қосылады.

Туристердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді, ал бақылау және жедел әрекет ету үшін туристік полиция жұмыс істейді.

Бұл кешенді шаралар тұрғындар мен туристердің жайлы демалуына жағдай жасауға, туристік инфрақұрылымды дамытуға және жағажайлар мен жағалаулардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.