Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің гранттары жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті дамытуда маңызды рөл атқарады

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің гранттары жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті дамытуда маңызды рөл атқарады

Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікке бизнес-жобаларды іске асыру үшін көптеген құралдар ұсынады. Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 10 айында 2,8 мың кәсіпкер субсидиялар, кепілдіктер, гранттар, шағын несиелер түрінде қаржылай қолдау алды. Тағы 2 372 адам қаржылық емес қолдау құралы болып табылатын оқыту бағдарламаларының қатысушылары болды.

Әсіресе, жаңа бастаған бизнес үшін ең тиімді шаралардың бірі гранттық қаржыландыру болып табылады. Мұнда жергілікті бюджеттен гранттар беру арқылы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін қала және аудан әкімдіктеріне маңызды рөл жүктелген.

Бүгінгі таңда 95 млн теңге сомасына 155 грант берілді. Жалпы, өтеусіз субсидиялар сомасы бір грантқа 100 мыңнан 1 млн теңгеге дейін өзгереді.

Осы мақсаттарға 15 млн.теңге (30 грант) көзделген Бұқар Жырау ауданы және 6 млн.теңгеге 12 грант бөліп берген және 6 млн.теңге көлемінде тағы да гранттар беруді жоспарлап отырған Жаңаарқа ауданы жақсы нәтиже көрсетуде.

Жетекші орынды Ұлытау ауданы алады, онда барлығы 1700 ШОБ бар болғанымен, 38 жобаны қолдауға 30 млн.теңге бөлінген. Олардың ішіндегі ең ірілері - әлеуметтік павильон, ет өңдеу цехы және наубайхана (әрқайсысы 1,5 млн. теңге) ашу. Сондай-ақ, кәсіпкерлер ветеринарлық дәріхана, тез тамақтану кафесі және жиһаз цехын іске қосу үшін 1 млн теңгеден алды.

Ет өңдеу цехы үлкен қызығушылық тудыруда. Жобаны жас кәсіпкер Садыбек Мәжитов «Жетікоңыр» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің (Мибұлақ ауылдық округі) базасында іске асырады. «Ұлытау өнімі» брендінің өнімдері — фарш, түрлі жартылай фабрикаттар, іркілдек, гуляш пен қуырдаққа арналған тіліктер — халық арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл цехтың ерекшелігі - мерекелік дастарханға арналған етті бөлшектеп орау: құдағи табақ, қонақ табақ, күйеу табақ және т. б. Тек жоғары сапалы жылқы еті қолданылып, кәсіпорынның логотипі бар арнайы жасалған қораптарға салынады.