Кеше «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экотуризмін және туристік әлеуетін дамытуға арналған кездесу өтті. Парк жуырда өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өткен болатын

Кеше «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экотуризмін және туристік әлеуетін дамытуға арналған кездесу өтті. Парк жуырда өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өткен болатын

Кездесуге өңірдің туристік компаниялары мен туроператорларының өкілдері, гидтер қатысты.

Кездесу барысында парктың табиғи және туристік тартымдылығы таныстырылды: бірегей ландшафттар, бай биоалуантүрлілік, сондай-ақ экологиялық, танымдық және отбасылық туризмді дамыту мүмкіндіктері. Қатысушылар ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ «Бұйратау» ұлттық табиғи паркінің туристік маршруттарын қолданыстағы және болашақ туристік бағдарламаларға енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Мұндай кездесулер табиғатты қорғау ұйымдары мен туристік бизнес арасындағы тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді, ішкі туризмнің дамуына ықпал етеді және өңірдің табиғи көрікті жерлеріне деген қызығушылықты арттырады.