Облыс өңірлерінде, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарында — теміржол вокзалдары мен әуежайларда визит-орталықтарды ашу және кезең-кезеңімен іске қосу мәселелері бойынша кеңес өтті

Облыс өңірлерінде, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарында — теміржол вокзалдары мен әуежайларда визит-орталықтарды ашу және кезең-кезеңімен іске қосу мәселелері бойынша кеңес өтті

Аталған бастаманы жүзеге асыру туристік инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және өңірде бірыңғай туристік навигация желісін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Визит-орталықтарды құру облыс қонақтары мен тұрғындарын туристік маршруттар, орналастыру нысандары, мәдени іс-шаралар және көрікті жерлер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кеңес барысында негізгі міндеттер айқындалды:
• визит-орталықтарды орналастыру үшін басым локацияларды айқындау;
• форматтарын келісу (модульдік, стационарлық, gateway-формат);
• нормативтік және мүліктік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
• қаржыландыру көздерін пысықтау;
• жұмыс пен брендтеудің бірыңғай стандарттарын қалыптастыру;
• 2026 жылы пилоттық нысандарды іске қосу.

Бұл бағыттағы жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және серіктестермен тығыз өзара іс-қимыл аясында жалғасатын болады. Негізгі мақсат — Қарағанды облысының әлеуетіне сай заманауи, қолайлы және қолжетімді туристік орта қалыптастыру.