Бүгін Қарағанды өңірінің гидтері мен облыстың мәдениет мекемелерінің басшылары арасында кездесу өтті.

Бүгін Қарағанды өңірінің гидтері мен облыстың мәдениет мекемелерінің басшылары арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері, келу тәртібі, сондай-ақ экскурсияларды ұйымдастыру кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Қатысушылар өзара іс-қимылдың бірыңғай регламентін әзірлеу және бекіту бастамасын қолдады. Бұл құжат жұмысты жүйелеуге, қызмет көрсету деңгейін көтеруге және гидтер мен мәдениет ұйымдары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру және Қарағанды өңірінің туристік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында тұрақты консультациялар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.