
Өткен демалыс күндері Балқаш қаласында, Үлкен Қаракөл ауылында, тұзды көлдің акваториясында мормышкамен мұз үстінде балық аулаудан халықаралық чемпионат өтті.
Жарыс қысқы балық аулаудың әуесқойлары мен кәсіпқойларын біріктіріп, тек спорттық шара ғана емес, қысқы туризмді дамытуға қосылған маңызды үлес болды.
Қатысушылар нағыз қысқы балық аулау жағдайында өз шеберліктерін, төзімділіктерін және спорттық жігерлерін көрсетті. Чемпионат адал бәсеке мен достық қарым-қатынас атмосферасында өтіп, спортшыларды, жанкүйерлерді және ауыл тұрғындарын біріктірді.
Мұндай іс-шаралар балық аулау спортын дамытып қана қоймай, өңірдегі инфрақұрылымның, қызмет көрсету саласының және шағын бизнестің дамуын ынталандырып, туризм саласына жаңа мүмкіндіктер ашады.