
Отырысқа Туризм және спорт министрі Е. Мырзабосынов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері қатысты.
Отырыс аясында Қарағанды облысының туризм басқармасының басшысы И. Любарская баяндама жасап, өңірдің туристік саласын дамытудың нәтижелері мен басым бағыттарын таныстырды.
Қарағанды облысының негізгі туристік орталықтары — Балқаш пен Қарқаралы.
2025 жылдың 9 айының қорытындылары:
▪️ облысқа 370 мың турист келді (+2024 жылмен салыстырғанда 20,8%);
▪️ көрсетілген туристік қызметтер көлемі 8,0 млрд теңгені құрады;
▪️ инвестициялар көлемі — 27,6 млрд теңге;
▪️ 11 инвестициялық жоба іске асырылды, 33 жоба қаржылай қолдау алды.
Инфрақұрылым және қауіпсіздік
Қарағанды–Балқаш және Қарағанды–Қарқаралы автожолдарын қайта жаңғырту аяқталды, Балқаш әуежайына кешенді реконструкция жүргізілді, курорттық аймақтардың инженерлік инфрақұрылымы дамытылуда, жағалау абаттандырылуда.
Экотуризм және жаңа бағыттар
Қарқаралы, Бектау-Ата шатқалы және ауылдық аумақтарда экотуризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа экскурсиялық маршруттар іске асырылып, кәсіби гидтер қауымдастығы қалыптастырылуда.
Жоспарлар мен басымдықтар
- 600 мыңнан астам турист қабылдау;
- 30 млрд теңге инвестиция тарту;
- туристік инфрақұрылымды дамыту, саланы цифрландыру және «Balkhash Tour Fest», «Bugyly Trail», «Taldy Fest», «Саяхатқа шабыт беретін Қарағанды» фестивалі сияқты ірі іс-шараларды өткізу.
Қарағанды облысы — туристік әлеуеті жоғары және тұрақты даму қарқыны бар өңір.