Өнеркәсіптік туризмді дамыту тұжырымдамасын талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті

Өнеркәсіптік туризмді дамыту тұжырымдамасын талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті

ZOOM-конференция форматында өнеркәсіптік туризмді дамыту тұжырымдамасын талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушылар бұл бағытты енгізу және ілгерілету перспективаларын, сондай-ақ бизнес пен туристік сала арасындағы өзара іс-қимылдың мүмкін форматтарын қарастырды.

Талқылауға туризм, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, «Visit Qaraganda» туристік офисінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың «Орталық Азия Қонақжайлылық Ассоциациясы» республикалық бірлестігінің, шина зауытының, сондай-ақ туристік сала өкілдері қатысты.

Айта кету керек, өнеркәсіптік туризмді дамыту өңір үшін жаңа бағыт емес. Бұған дейін «Индустриялық Қарағанды» туристік маршруты @visitkaragandakz туристік ақпараттық орталығы тарапынан апробациядан өткен, бұл осы бағытта тәжірибе мен әлеуеттің бар екенін көрсетеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, өңірдің туристік тартымдылығын арттырудың құралдарының бірі ретінде өнеркәсіптік туризмді дамытуға қызығушылық білдірді.