Бұқар жырау ауданындағы кәсіпкерлермен кездесу өтті

Бұқар жырау ауданындағы кәсіпкерлермен кездесу өтті

Диалог барысында тарихи-мәдени мұраға бай, бірегей табиғи ландшафттары мен өзіндік дәстүрлері бар аумақтың әлеуетіне ерекше назар аударылды. Кездесу қатысушыларына ауданның бизнесті дамытуға арналған мүмкіндіктері, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, сондай-ақ бос жер учаскелерінің бар екені және оларды инвестициялық және кәсіпкерлік жобаларды іске асыру үшін пайдалану перспективалары туралы ақпарат берілді.

Эко- және агротуризмді дамытуға ерекше мән берілді. Бұл бағыттар кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарын құруға ықпал етеді және туристерге ауыл тұрмысымен, ұлттық тағамдармен және дәстүрлі өмір салтымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, туристік инфрақұрылымды жақсарту және туристерді тарту бойынша перспективалы бастамаларды талқылады, сондай-ақ ауданның туристік саласын орнықты дамыту үшін бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.