Бүгін ZOOM-конференция форматында туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын Ақтоғай ауданының бизнес субъектілерімен кездесу өтті

Бүгін ZOOM-конференция форматында туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын Ақтоғай ауданының бизнес субъектілерімен кездесу өтті

2025 жылдың 11 желтоқсанында ZOOM-конференциясы форматында Ақтоғай ауданының туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өтті, оған Қарағанды облысының туризм басқармасының басшысы Ирина Юрьевна Любарская қатысты.

Іс-шара барысында ауданның туристік саласын дамыту мәселелері, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру перспективалары талқыланды.

Ерекше көңіл шағын және орта бизнесті қолдау, 2026 жылғы туристік маусымға дайындық, санитарлық талаптарды сақтау, қызмет сапасын арттыру және басқа да маңызды мәселелерге аударылды.