Бір алаңда туризм басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, СЭС, ТЖ қызметі және Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің өкілдері бас қосты.
Кездесу барысында туристік сала кәсіпкерлеріне арналған мемлекеттік қолдау шаралары, инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қысқы туристік маусымнан өту және алдағы жазғы маусымға дайындық — қауіпсіздік, санитарлық талаптар және аудан қонақтарына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.