«Туризмді дамыту және мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті

«Туризмді дамыту және мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында «Туризмді дамыту және мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға ауылдық округтер әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Кездесудің спикері – туризм басқармасының басшысы И. Любарская.

Семинар барысында ауылдық аумақтарда туризмді дамытудың негізгі бағыттары, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың тетіктері, субсидиялау мен шығындарды өтеу механизмдері, сондай-ақ туристік жобаларға инвесторларды тартудың тиімді тәсілдері қарастырылды. Ерекше назар экотуризмді, этно- және агротуризмді дамытуға, ауылдық аумақтардың тартымдылығын арттыруға және жаңа туристік инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған шараларға аударылды.