Қазақстанда туризм саласындағы заңнама жетілдірілуде. Жаңа заң жобасы инфрақұрылымды дамытуға, бизнесті қолдауға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Негізгі өзгерістер:
- кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту;
- гидтер мен нұсқаушыларға арналған QR-бейдждерді енгізу;
- ауыл шаруашылығы жерлерінде агротуризмді дамыту;
- қонақ үйлердің халықаралық стандарттарға сай жаңартылған жіктемесі.
⠀
Бұл қадамдар Қазақстанды саяхатшылар үшін одан да тартымды, жайлы және қауіпсіз елге айналдыруға көмектеседі!