Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында туризмді дамыту мен жаңа туристік маусымға дайындық мәселелеріне арналған кездесу өтті

Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында туризмді дамыту мен жаңа туристік маусымға дайындық мәселелеріне арналған кездесу өтті
 
Кеше Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында туризмді дамыту және жаңа туристік маусымға дайындық мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кездесуге туризм басқармасының басшысы, «Даму» қорының өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысының ТЖД мен СЭС мамандары қатысты.
Күн тәртібінде саланың негізгі бағыттары қаралды:
 - туристік инфрақұрылымды дамыту
 - демалыс аймақтарындағы стандарттар мен қауіпсіздік шаралары
 - қала дизайн-кодын енгізу
 - туризм бизнесін мемлекеттік қолдау шаралары
Кездесудің мақсаты – өңір қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау және туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсету.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар билік пен бизнес өкілдерінің өзара ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Бұл бірлескен жұмыс туристер үшін ыңғайлы жағдайлар жасап, өңірді саяхатшылар үшін тартымды бағыт ретінде ілгерілетуге мүмкіндік береді.