Қарағанды облысында туризм қарқын алып келеді!

Қарағанды облысында туризм қарқын алып келеді!
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өңір туризм саласында айтарлықтай өсім көрсетті:
Қызмет көрсетілген туристер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,2%-ға артты — бұл шамамен 194 мың адам.
Шетелдік туристерге келсек:
Ең көп келушілер мына елдерден тіркелді:
• Ресей – 4038 адам
• Қытай – 1734 адам
• Өзбекстан – 326 адам
• Түркия – 310 адам
• Германия – 290 адам
Көрсетілген қызметтер көлемі 4,0 млрд теңгеге жуықтады — бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға өскен!
Біржолғы орналастыру қуаттылығы 12%-ға артып, 14 607 төсек-орынға жетті.
Ең жоғары өсім келесі өңірлерде байқалды:
• Балқаш — 157%
• Теміртау — 177%
• Шет ауданы — 226%
• Абай ауданы — 233%
• Қарқаралы ауданы — 128%
• Ақтоғай ауданы — 122%
Қарағанды облысы Орталық Қазақстандағы туристік орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді — әрі отандық, шетелдік саяхатшылар үшін тартымды бағытқа айналуда!