«Visit Karaganda» Туристік ақпараттық орталығына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Асхат Канатович Аймағамбетов пен Құдайберген Бексұлтанұлы Бексұлтанов келді.
Орталықтың директоры Бекмұзаев Бахтияр «Visit Karaganda» қызметін таныстырып, оның туристер үшін ақпараттық алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Қарағанды облысы Туризм басқармасының басшысы Ирина Юрьевна Любарская өңірдегі туризмнің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндап, инфрақұрылымға, экономикалық әсерге және өсім мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында заңнамалық деңгейде шешімді талап ететін және Қарағанды облысының туризм саласы өкілдерінің назарын аудартқан маңызды мәселелер талқыланды.
«Visit Karaganda» Туристік ақпараттық орталығы өңірдегі туризмді дамытуға бағытталған бастамаларды ілгерілету мен жағдайларды жақсартудың тиімді құралы болып қала береді.