Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Чех Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Ян Бартошекпен кездесті. Тараптар экономикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ тарихи жадымызды жаңғырту мәселелерін талқылады.
Чех делегациясы өңірге ресми сапармен келді. Кездесу барысында өнеркәсіп, логистика, білім беру мен гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері сөз болды.
— Қарағанды облысы – еліміздегі ірі индустриялық өңір. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі бойынша республикада алдыңғы орындамыз. Бүгінде өнімдерімізді 50-ден астам елге экспорттаймыз. Алайда Чехиямен арадағы тауар айналымы әзірге айтарлықтай емес. Бұл бағыттағы әлеует зор, және біз оны бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз, — деді Ермағанбет Бөлекпаев делегация мүшелеріне.
Өңір басшысы Қарағанды облысының геостратегиялық орналасуын атап өтті: облыс Азия мен Еуропа арасындағы ірі транзиттік хаб бола отырып, логистикалық әріптестікке кең жол ашады.
Чех делегациясының басшысы Ян Бартошек өз кезегінде екіжақты байланысты тереңдетуге мүдделі екенін білдірді. Оның айтуынша, нақты ынтымақтастық нүктелері қазірдің өзінде бар, соның бірі – білім беру саласы. Бүгінде үш мыңнан астам қазақстандық студент Чехияда білім алуда.
— Сапарымыздың басты мақсаты – экономикалық байланыстарды арттырумен қатар, тарихи әділдікті қалпына келтіру. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қарағанды облысының аумағындағы лагерлерде болған чех азаматтарының тағдырын зерттеп жатырмыз. Олардың жерленген орындарын анықтап, тарихи жадымызға құрмет көрсету – біздің борышымыз, — деді Ян Бартошек. — Сонымен бірге, біз Қазақстанға Чехия жерінде қаза тапқан жауынгерлер туралы мәліметтерді іздестіруде қолдау көрсетуге әзірміз.
Кездесу соңында Ермағанбет Бөлекпаев облыстың халықаралық әріптестікке әрқашан ашық екенін атап өтті.
— Тарихи жадыны сақтау бағытында барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Сонымен қатар, Қарағанды облысы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Чех делегациясының