Фестиваль Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттау, экологияны қорғау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және жергілікті туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылуда. Фестиваль аясында сіздерді таңғы йога жаттығулары, түрлі конкурстар, балалар мен отбасыларға арналған аниматорлармен ойын-сауық бағдарламалары, жағажай спорты түрлері мен Панна-футболдан жарыстар күтеді. Сонымен қатар, сіздер үшін үздік музыканттар, креативті жүргізушілер, диджейлер және заманауи бишілер өнер көрсетеді. Анықтама телефоны экранда көрсетілген. Балқаш тур фест баршаңызды күтеді!