ІШКІ ЖӘНЕ ВЪЕЗДІК ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

ІШКІ ЖӘНЕ ВЪЕЗДІК ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдаудың 7 түрі жұмыс істейді:
1. Туроператорлардың келу туризміне шығындарын субсидиялау (ҚР Туризм және спорт министрлігі)
2. Кәмелетке толмаған жолаушылар үшін авиабилеттердің құнын субсидиялау (kids go Free) ("Kazakh Tourism ҰК" АҚ)
3. Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу (ҚР Туризм және спорт министрлігі)
4. Жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарды өтеу (Қарағанды облысы әкімінің аппараты)
5. Санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға субсидиялау (Қарағанды облысы әкімінің аппараты)
6. Туристік қызмет объектілерін салуға және реконструкциялауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу (Қарағанды облысы әкімінің аппараты)
7. Туристік қызмет үшін автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу (Қарағанды облысы әкімінің аппараты)
Қолдау шаралары ішкі туристер ағынын ұлғайтуға, туристік өнімдерді дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасына 8 (7212) 50 38 74 телефоны бойынша хабарласуға болады.