"Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы бойынша кездесулер

"Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы бойынша кездесулер

2025 жылдың 30 сәуір күні Қарқаралы қаласының Мансап орталығының директоры Мұздыбай Е.Ж.  және пробация бөлімі аға инспектор,  әділет аға лейтенанты Ақжолтай С.С. бірігіп пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға  "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы бойынша кездесулер өтті. Пробация басшылығымен құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша сондай-ак, мансап орталықтың қатысуымен тұрақты жұмыс орнында квоталанатын жұмыс орындарында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтканда: “Қоғамдық жұмыстар”, “Әлеуметтік жұмыс орындары”, “Күміс жас” сондай-ақ, “қысқа мерзімді кәсіптік оқыту “ және skills Enbek онлайн форматында Enbek.kz сайтында оқуға болатыны туралы.