Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына – ардагерлерге құрмет!

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына – ардагерлерге құрмет!

Қарқаралы жастары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тыл ардагері Мырзаханова Райхан әжеміздің үйіне арнайы барып, ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ардагер әжемізге құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы. Бұл игі шара жас буынның ардагерлерге деген шексіз алғысы мен ілтипатының белгісі. Жастар тек еңбекпен шектелмей, әжемізбен емен-жарқын әңгімелесіп, батасын алып, бір сәтке болса да қуаныш сыйлады.

Отан үшін еңбек еткен жандардың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес!