
Жарысқа Қарағанды қаласы, Ақтоғай, Нұра, Ботақара, Шет және Қарқаралы аудандарының командалары қатысты. Тартысты доданың қорытындысы бойынша І орынды Қарқаралы ауданының командасы иеленіп, жарыстың жеңімпазы атанды. ІІ орын Ақтоғай ауданының еншісіне тисе, Нұра ауданы ІІІ орыннан көрінді.
Жарыс жолынан қарсыластарын ығыстырып, үздік шыққан ауданымыздың көкпаршылары енді биыл қазан айында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.
Жас көкпаршыларымыздың мәртебесі дәйім биік болғай!