Қарқаралының мерейтойы аясында жасөспірімдер және ересектер арасында"Bugyly Trail" марафоны өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Ә. Арғынұлы сөз сөйлеп, марафоншыларға сәттілік тіледі.
Биыл екінші рет өткізілген марафонда жасөспірімдер 10 шақырымға, ал ересектер 21 шақырымға жүгірді.
Қарқаралының орман-тауы аңғарында Бұғылы тауы бағытында өткен марафонға Астана, Қарағанды, Шахтинск, Алматы, Теміртау, Қостанай, Семей, Орал, Ақадыр, Петропавл, Топар, Баянауыл, Жаңаарқадан барлығы 157 спортшы қатысты. Оның ішінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласының да марафоншы келіп қатысты.