Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2022 жылы 30 қыркүйекте Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Сайлау комиссиясының төрағасы А.Р.Сатыбалдин «Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы» баяндама жасады.

Ол жалпы алғанда, 2022 жылдың 17 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ және Қырғыз ауылдық округтері әкіміне 12 үміткер ұсынылғанын айтты. Оның ішінде саяси партиялардан - __4__, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - __8__. Ұсынылған кандидаттардың арасында __10__ - ер адам, __2__ - әйел.

Кандидаттардың орташа жасы - __40,8__ жас. Ең жас үміткер - _30_ жаста, өтініш берушілердің арасындағы ең жоғары жас - __60__ жас.

Мамандықтары бойынша: 7 – заңгер,  2 – экономист, 1 – мұғалім, 1 – инженер, 1 - агроном.

Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _11_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері __1_.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процессі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 5 қазан жергілікті сағат 18-00 ге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп өз жұмысын жалғастыруда, кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеруде.