5 сұрақ сәуір

5 сұрақ сәуір
  1. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асқан қаражатты қанша рет ала аламын?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында біржолғы зейнетақы төлемі – салымшының (алушының) заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы деп көзделген.

Сондай-ақ, заңда зейнетақы жинақтары – салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында ескерілетін, МЗЖ және МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер қамтылатын ақшасы деп белгіленген.

Егер ең төменгі жеткіліктілік шегі сіздің зейнетақы жинақтарыңызды пайдалануға мүмкіндік берсе, жеткіліктілік шегінен асатын біржолғы зейнетақы төлемін алу туралы өтінішті шектеусіз рет бере аласыз.

 

  1. 2. Мен Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін Ресей азаматымын, ерікті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба және оны қалай жүзеге асыруға болады?

Иә, әрине. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісімнің 3-бабына сәйкес, ЕАЭО елдері азаматтарының зейнетақы құқықтары зейнетақы жарналары есебінен сол өзіңіз жұмыс істейтін елдің азаматтарына тиесілі шарт пен тәртіпте қалыптастырылады.  

 Осы Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) да жатады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ЕЗЖ – ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашуға негіз болып табылады. ЕЗЖ мөлшері мен мерзімділігін салымшы өз ырқымен белгілейді.

Бұл ретте ЕЗЖ пайдасына жасалатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (Аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал барлық қажетті мәліметтер: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері, БЖЗҚ-ның өзге де мәліметтері мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алынды.

БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ  арқылы жүзеге асыруға болады. Кейбір ЕДБ жарналарды онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін ұсынады.

БЖЗҚ сайтында егжей-тегжейлі ақпаратпен танысуға болатынын хабарлаймыз. https://www.enpf.kz/ru/services/depositors/ipa/vpc.php)  .

 

  1. 3. Мен телефон нөмірімді өзгерттім. Енді телефонымдағы БЖЗҚ қосымшасына кіргім келеді. Құпиясөзді сұрап, оны маған SMS хабарлама арқылы ескі нөміріме жібергендіктен бұл SMS келмейді. Сондықтан БЖЗҚ деректеріндегі телефон нөмірімді қалай ауыстыруға болады?

БЖЗҚ қосымшасына,  enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетке» кірген кезде сіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, Қордың базасында тіркелген нөмірге ғана SMS-код жібереміз.

Жеке деректерді жаңартудың екі әдісі бар:

- enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлімінде «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөлімшесін таңдап, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен парақшаға кіріңіз;

- БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесі арқылы.

 

  1. Өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алмаймын деп шештім, ендеше қандай тәуекел және мүмкіндіктер бар?

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі түрлі тәуекелден барынша қорғалатындай етіп құрылған. 23 жыл ішінде әлемдік экономикадағы бірқатар қаржылық дағдарыстарға қарамастан, ол тұрақтылықты сақтап қалды. Қазіргі уақытта  Қазақстан – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы алушыларға зейнетақы төлемдері құқығын иеленген сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған сәттегі инфлиция деңгейін ескере отырып, сақталуына кепілдік береді. Егер зейнетке шығар алдында жинақтар инфляциядан төмен болса, онда бұл айырма БЖЗҚ-дан алғашқы зейнетақы төлемін алған кезде республикалық бюджет есебінен алушының пайдасына есептеледі.

Егер сіз зейнетақы жинақтарын пайдаланбас бұрын ескерілетін тәуекелдерді айтып тұрсаңыз, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу, ең алдымен, салымшының жеке зейнетақы шотының жай-күйіне, одан әрі оның болашақ зейнетақы төлемдеріне әсер ететінін атап өткіміз келеді. Азаматтардың зейнетақы жинақтарын есепке алу жеке жүргізіледі, және жинақтар дербес зейнетақы жарналарынан, инвестициялық кірістен және бар болған жағдайда оның дербес алымдарынан (немесе зейнетақы төлемдерінен) қалыптастырылады.

Қаперге ұстайтын жәйт, ЖЗШ-да жеткіліктілік шегі аясында қалатын қаражат салымшыны ең төменгі зейнетақыдан кем емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етеді. Бұл азғантай сома БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% болатын ең төменгі базалық зейнетақыдан құралады. Жеке зейнетақы шотында зейнет жасына жеткенде алушыны ең аз төлеммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті соманы сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі жыл сайын қайта есептеледі. Сонымен қатар, лайықты зейнетақымен қамсыздандыру үшін тұрақты, уақытылы жарналардан, алынған кірістерден толық көлемде қалыптасатын жинақ болуы қажет.

Айтпақшы, Сіздің жағдайыңызда зейнетақы жинақтарыңыздың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға (ИПБ) аударуға болады. Яғни, тәуекелге бел буып, инвестор болуға, әрі көбірек табыс алуға  мүмкіндігіңіз бар. Әрі бұл ақша  келешекте зейнетақы шотыңызға қайта құйылатындықтан  оны жұмсалған  емес,  болашақта зейнетақы төлемдеріңізді алатын еселенген қаражат деп қарастырғаныңыз абзал.

Ол үшін басқарушының инвестициялық декларациясымен танысып, қаражатыңыздың қалай және қандай құралдарға инвестицияланатынын түсіну қажет. Қазір нарықта төрт ИПБ жұмыс істейді, олар туралы толық ақпаратты enpf.kz сайтынан таба аласыз.

  1. Қазір аннуитетті пайдаланудың мәні бар ма, болған жағдайда ол үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Зейнетақы аннуитеті – бұл сақтандыру ұйымымен жасалған шарт, оған сәйкес зейнетақыны белгіленген мерзімнен ерте алуға болады.

Шарт жасасу үшін БЖЗҚ-да ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем түспейтін төлемді қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болуы қажет. Дәл есептеу сақтандыру ұйымында жүргізіледі.

БЖЗҚ-да жеткілікті мөлшерде зейнетақы жинақтары бар келесі санаттағы азаматтар ақшаны сақтандыру ұйымына аудара алады:

🔹 зейнет жасына жеткен;

🔹 45 жасқа толған (кейінге қалдырылған аннуитет кезінде);

🔹 мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

🔹 міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төлеген 40 жасқа толған азаматтар.

Бұл жерде түсіндіріп өтетін мәселе, кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті дегеніміз – зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына 45 жастан бастап аударуға және олардан ресми түрде зейнетке шыққанға дейін (ерлер 55 жасқа толғанда, әйелдер 52,5 жасқа толғанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетақы жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылы 55 жасқа толғанға дейін) төлемдер ала бастауға мүмкіндік беретін өнім.

Бұдан әрі МЗЖ және/немесе МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.

Егер ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, бұл айырма салымшыға (алушыға) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді. Немесе салымшы (алушы) қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына сақтандыру төлемдерінің және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйақысының мөлшерін ұлғайтуға қатысты өзгерістер енгізу үшін, не сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.