Құрметті Қарқаралы ауданының автокөліктері бар жеке тұлғалар!

Құрметті Қарқаралы ауданының автокөліктері бар жеке тұлғалар!

Құрметті Қарқаралы ауданының автокөліктері бар жеке тұлғалар!
Қазақстан Республикасының Салық кодексінін 490 бабына сәйкес көлік құралдардың мерзімі 1 сәуір 2021 жылы аяқталды!
Алайда аудан бойынша 1 қазан 2021 жыл мерзіміне 2020 жылдың көлік құралдары салығын төлемей жүрген 363 адам, берешектер сомасы 6894,2 мың теңгені құрап отыр.
Аудан бойынша 2021 жылдың сәуір айында әрбір қала, кент және селолық округтер, қала әкімшіліктеріне көлік құралдары салығынан берешек жеке тұлғалардың тізімдері жолданған.
Берешектері бар жеке тұлғалар Сіздердің берешек салық сомаларыңызға мерзімінде төлемегендеріңіз үшін бюджетке қарыз сомаларыңызға күн сайын өсімпұл есептеліп жатыр. Сіздердің берешек сомаларыңыз мерзімінде төленбегені үшін салықтық берешегі туралы хабарламалардың орындалу уақыты асып кеткен салық төлеушілерге ҚР Салық кодексінің 128 бабының 2 тармағы бойынша ҚР ИСАЖ бағдарламалық жүйесінде автоматты түрде 917 жеке тұлғаға 16 937,0 мың теңгеге салық бұйрығы шықты, оның ішінде 588 жеке тұлғаның салық бұйрығы 11507,4 мың теңгеге орындалды.
Салық төлеушілерге алдын ала ескертіледі. Хабарлама жолданады. Салықты төлеуге 30 жұмыс күн беріледі. Одан кейін берешек төленбеген жағдайда салықтық бұйрық шығады. Оны орындау үшін сот орындаушыға жолдайды.
Сот орындаушыларының өзіндік пайыздары бар. Олар төленбеген салықты өндіріп, оның үстіне сол өндірілген соманың 25 % қосып алады. Сондай-ақ, түрлі шектеулер қояды.
Салық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында калькулятор көмегімен есептеуге болады.