ХАБАРЛАМА 2021 жылы 25 шілдеде өткен Қарқаралы ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлауының нәтижелері туралы

ХАБАРЛАМА 2021 жылы 25 шілдеде өткен Қарқаралы ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлауының нәтижелері туралы

2021 жылы 25 шілдеде Қарқаралы ауданы бойынша сегіз ауылдық округ әкімдеріне сайлау өтті.

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарқаралы ауданына қарасты ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:

Абай сайлау округі. Абай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 266 сайлаушы енгізілді, оның 238-сы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 5.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Абзалов А.С. – 8; Нурмаганбетов Д.У. – 4; Тактанов Р.М. – 221.

Абай ауылдық округінің сайланған әкімі Тактанов Рустембек Муратович, 1987 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны, «Nur-Otan» партиясынан ұсынылды.

 

Қ.Аманжолов сайлау округі. Қ.Аманжолов ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 1008 сайлаушы енгізілді, оның 710-ы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 1, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 2.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Әлібаев А.Қ. – 82; Несипов С.Р. – 102; Омаров М.К. – 79; Шәймерден Н.Ж. – 316; Искаков Д.М. – 86; Избасаров А.М. – 42.

Қ.Аманжолов ауылдық округінің сайланған әкімі Шәймерден Ниязбек Жұмаханұлы, 1986 жылы туған, Қарқаралы ауданының білім бөлімінде әдіскер, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны, «Nur-Otan» партиясынан ұсынылды.

 

Бақты сайлау округі. Бақты ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 596 сайлаушы енгізілді, оның 555-сы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 6, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 3.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Адилханова А.З. – 18; Сейтхазин А.Ж. – 336; Тұрсынғалиев Е.Е. – 192.

Бақты ауылдық округінің сайланған әкімі Сейтхазин Аххали Жунуспекович, 1961 жылы туған, Бақты ауылдық округі әкімі апаратының бас маманы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты ауылының тұрғыны, «Nur-Otan» партиясынан ұсынылды.

 

Жаңатоған сайлау округі. Жаңатоған ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 342 сайлаушы енгізілді, оның 321-сы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 9.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Курмашев А.Т. – 11; Мусаханов Б.К. – 301.

Жаңатоған ауылдық округінің сайланған әкімі Мусаханов Болатбек Кайырбекович, 1970 жылы туған, Жаңатоған ауылдық округінің әкімі, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылының тұрғыны, «Nur-Otan» партиясынан ұсынылды.

 

Н.Әбдіров сайлау округі. Н.Әбдіров ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 760 сайлаушы енгізілді, оның 734-сы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 0.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Бейсенбеков А.К. – 726; Шәріп Ш.Қ. – 6; Ильдебаев Е.А. – 2.

Н.Әбдіров ауылдық округінің сайланған әкімі Бейсенбеков Аян Куралович, 1963 жылы туған, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің әкімі, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жарлы ауылының тұрғыны, «Nur-Otan» партиясынан ұсынылды.

 

Қоянды сайлау округі. Қоянды ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 257 сайлаушы енгізілді, оның 257-сы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 15.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Аубакиров С.О. – 224; Мұздыбай Е.Ж. – 15; Шыныбаева М.А. – 3.

Қоянды ауылдық округінің сайланған әкімі Аубакиров Султанбек Омирбекович , 1974  жылы туған, Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бөлім басшысы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.

 

Мәди сайлау округі. Мәди ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 162 сайлаушы енгізілді, оның 162-сы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 5.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Билялов Н.Р. – 27; Райым Б.О. – 95; Толекеев Б.А. – 35.

Мәди ауылдық округінің сайланған әкімі Райым Бек-Арыс Оралбайұлы, 1984  жылы туған, Шет ауданы Дария кентінің әкімі, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Дария кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.

 

М.Мамыраев сайлау округі. М.Мамыраев ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 511 сайлаушы енгізілді, оның 351-сы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 4.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Аскербекулы Ж. – 209; Омирбекова Д.Г. – 5; Тусупов К.М. – 133.

М.Мамыраев ауылдық округінің сайланған әкімі Аскербекулы Жанат, 1977 жылы туған, Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақжол ауылының тұрғыны, «Nur-Otan» партиясынан ұсынылды.

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылы 25 шілдеде сайланған Қарқаралы ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы