Ортсайлауком мүшелері оқыту семинарына қатысты

Ортсайлауком мүшелері оқыту семинарына қатысты

2021 жылғы 14 шілдеде Ортсайлауком мүшелері Серік Сыдықов және Ерлан Дауылбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «ҮЕҰ Академиясы» жобасының алаңында үкіметтік емес сектор мен саяси партиялардың өкілдеріне арналған семинар-тренингке қатысты.

Семинар аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде сайлау процесіне қатысушылардың сайлау-құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.

Семинар шеңберінде Ерлан Дауылбаев «Ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау процесінің ұйымдастырушылық және рәсімдік сәттерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Серік Сыдықов «Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқаудың құқықтық негіздері» тақырыбындағы сөзінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңында айқындалған байқаушылардың өкілеттіктерін іске асыру мәселелерін түсіндірді.

Семинар соңында Ортсайлауком мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинарға 160-тан астам қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.