2021 жылдың 14 шілдесінде Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы» Қаулы қабылданды.
Сайлау комиссиясының төрағасы А.Р.Сатыбалдин Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы баяндама жасады.
Ол 2021 жылдың 14 шілдесінде сағат 18: 00-ге дейін Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясына ұсынылған _32_ кандидаттан Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидат ретінде _28_ адамды тіркегенін айтты.
Тіркелген кандидаттардың арасында _24__ (85,7%) ерлер және _4_ (14,3%) әйелдер бар.
Мамандықтар бойынша: __14__ заңгер, __5__ экономист, ___3__ инженер, __2_ тарихшы, _2_ мұғалім, _1_ агроном, _1_ мал дәрігері.
Үміткерлер арасында: _5__ мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкері; _19_ мемлекеттік қызметкерлер, _4_ жұмыс істемейді.
2021 жылдың 14 шілдесінде сағат 18: 00-ден бастап Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне барлық тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын бастауға құқылы, ол ағымдағы жылдың 24 шілде сағат 00: 00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/2020 қаулысына сәйкес, ол қарастырылған үміткерге өзінің бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуі үшін қаражат бөлуге: теледидарда - 15 минут; радиода - 10 минут; мерзімді басылымдардағы немесе интернет-басылымдардағы жарияланымдар үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала. Барлық үміткерлерге сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін заңмен бірдей жағдайлар жасалады.