Мүмкіндігі шектеулі жандардың аудандағы объектілерге қолжетімділігін асыру мақсатында

Мүмкіндігі шектеулі жандардың аудандағы объектілерге қолжетімділігін асыру мақсатында

Мүмкіндігі шектеулі жандардың аудандағы объектілерге қолжетімділігін асыру мақсатында,  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуі үшін: пандус, жарық маягі, тактильді белгі және тактильді тақтаны орнатуды ескертеді!.

Стандартқа сәйкес пандустың ені 100 см, көлбеу бұрышы 6 градустан аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы шарт. Жолдың ашық баспалдаққа немесе пандусқа қосылатын жердегі алаң аумағы 160х160 сантиметр, ішке кіретін есіктің ені 90 см кем болмағаны жөн. Едені тайғанамайтын материалдан жасалуы қажет.

Мүгедектер мен басқа да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді ортаны кешенді қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар ҚР ҚН 3.06-01.2011 және ҚР ҚЖ 3.06-02-2012 негізделеді.