Өрт сөндірушілер әулеті

Өрт сөндірушілер әулеті

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында №40 өрт сөндіру бөлімшесінің  ардагері Қыпшақбаев Самат Мұқанұлы тұрады (қазіргі №26 өрт сөндіру бөлімшесі). Ол өзінің еңбек жолында бірталай нысандағы қызыл жалынды ауыздықтап, көп адамның өмірін ажалдан арашалап қалған. Самат Мұқанұлы – саналы ғұмырын өрт сөндіру саласына арнаған адам. Жұмысқа қатардағы маман болып келген ол зейнеткерлікке өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып шықты және өрт сөндіру саласының ардагері: «Өртке қарсы қызмет – киелі мамандық» - деп есептейді. Білікті маман өзі ғана емес, баласы да осы салада еңбек етеді.

Мұқан Аян Саматұлы есімді баласы да әке жолын қуған. 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін  Аян – азаматтық қорғау саласындағы  Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы №26 өрт сөндіру бөлімшесінде жүргізуші-қызметкер болып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосуда.

Негізгі жұмысымен қатар, олар құтқару қызметі бойынша ұйымдастырылатын жарыстарға қатысып тұрады. Берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жеңіс тұғырынан көрінген сәттері аз емес.   Аянның айтуынша, кішкентай кезімде әкем осы мамандық туралы айтып, неше түрлі техникалармен таныстырып, адамдарды құтқарғаны туралы айтты, айтылған әңгімелерге қызығып, мен осы мамандықты таңдадым  және халыққа қызмет ететін осы сала маған ұнайды дейді.

Ауысымға түсе отырып, өрт сөндіру автомобильдерінің, сондай-ақ онда орнатылған тораптар мен агрегаттардың тұрақты дайындығын, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жеке уақытпен санаспай, күннің кез-келген ауа-райында, ыстықта және қатты аязда, кез-келген жағдайда және көңіл күйде отпен суға баруға дайын, және бөлімнің жарағында бар өрт автотехникасының агрегаттарын жөндеп, ауыстырудыжүргізеді. Азаматтық қорғау саласасында қысқа мерзім ішінде түрлі төтенше жағдайларда жұмыс істеп үлгерді.

Аян нағыз өрт сөндеруші ретінде шаршаудың не екенін білмейді, «Істей алмаймын» - деген сөзді білмейді. Бірнеше рет күрделі өрттерді сөндіруге қатысты, сондай сәттерде өзінін батылдығын, шеберлігін, білікті қызметкер екенін танытты және стандартты емес жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алады. Аянның бұл мамандыққа деген махаббаты әкесінен қалған. Егер болашақта балалары мен немерелері бұл істі жақсы көретін болса, мен қарсы болмаймын, дейді. Бұл мамандық құрметке лайық, себебі:«Құтқарушы мамандығы – Асыл іс» - екенін айтып өтті.

Тағы бір айта кететін жай, Аянның атасы Мұқан Қыпшақпаев 1942 жылы Совет армиясы катарына шақырылып соғыс жылдарында Оңтүстік майданында пулеметшы, взвод командирі болып, майданда талай ерліктер корсеткен. Сол үшін ол «Қызыл жұлдыз» және Ұлы Отан соғысының ІІІ дәрежелі орденімен, 12 медальмен марапатталған. Соғыстан оралған соң Қарқаралы қаласында болған өрт сөндіру депосында жұмыс атқарған.

Арамызда осындай өрт сөндірушілер әулиеті болғанына мақтан етеміз!!!