Аудан әкімі Саят Мусин Ынталы ауылындағы №3 жалпы білім беретін мектепте жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты.
Соңғы екі жылда кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өткен мектептің ғимараты толық жаңартылып, оқу кабинеттері заманауи талаптарға сай жабдықталды. Оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасалды.
Салтанатты шарада аудан әкімі ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Мектеп ұжымына интерактивті тақта тарту етті.
Облыстық мәслихат депутаты, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов оқушыларға кітаптар сыйласа, кәсіпкер Арман Әбенов үздік оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы стипендия тағайындауға қолдау білдіретінін жеткізді.
Шара барысында мектептің жөндеу жұмыстарын атқарған «Ғимарат kz» ЖШС басшылары Айдос Кілтебеков пен Бақытжан Рсалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Биыл аудан бойынша 5 мыңнан астам оқушы мектепке барды. Оның 400-ден астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!