Қарқаралы қалалық Мәдениет үйінде Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала үні – Астана» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Шара барысында жиналған қауымды Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Концертте аудан өнерпаздары патриоттық және халық әндерін орындап, күйлер шертті. Сондай-ақ ұлттық би қойылымдары ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.