Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері спорт алаңында бақ сынасты

Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері спорт алаңында бақ сынасты

Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай жеңіл атлетика және футбол жарыстары ұйымдастырылды.

Шараның ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ербол Иксанов қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жарысқа сәттілік тіледі.

Спорт жаттықтырушысы Дәурен Сүлейменовтің жетекшілігімен қатысушылар сергіту жаттығуларын жасап, жарысқа дайындалды.

Жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, жүгіру сайысына қатысқан спортшылар өздерінің ұйымшылдығы мен спорттық дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Сонымен қатар командалар футболдан да өзара бақ сынасып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Кәсіби мерекеге арналған спорттық шара қатысушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.