«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының Ережесі

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының  Ережесі

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша  департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Адал еңбектің жарқын бейнесі» тақырыбында жас суретшілер байқауын өткізеді.

     

 

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының

Ережесі

1.     Жалпы ереже

1.1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті                          (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында жас суретшілер байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.

 Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты - көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау.

2.2. Байқаудың міндеті – эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау.

 Байқауға қатысу шарттары

3.1. Байқауға Қарағанды облысы мектептерінің 7-9 класс оқушылары қатыса алады.

3.2. Байқауға қатысатын жұмыстар қала және аудандардың білім бөлімдері мен білім мекемелерімен Департаментке ұсынылады.

  1. Байқау жұмыстарының талаптары

4.1. Байқауға қағаз (картон) бетінде орындалған А3, А4 форматындағы жұмыстар қабылданады. Суреттерді кез-келген техникада орындауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі түсті қарындаш, фломастер, бор, аралас техника және т.б.).

4.2. Ұсынылатын жұмыстар байқау тақырыбына сәйкес болу қажет.

4.3. Негізгі идеяның ерекшелігі және оның жұмыс нәтижесінде ашылуы назарға алынады.

  1. Байқауды өткізу тәртібі

5.1. Байқаудың ережесі өңірлік бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады.

5.2. Байқауға қатысатын жұмыстар (суреттер) мен үлгіге сай өтінімдер (қосымша) ағымдағы жылдың 27 қарашасына дейін Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12 немесе infoanticor@mail.ru электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.

5.3. Байқау жұмыстары Департаменттің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.

5.4. Қазылар алқасы Департамент басшысының бірінші орынбасарынан, департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысынан, Білім басқармасы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бір өкілінен, Агенттіктің консультативті-кеңестік органдарының өкілдерінен (Арнайы мониторингтік топ, Ақпараттық-ағарту штабы), сондай-ақ кәсіби суретшіден тұрады.

5.5. Байқау жеңімпаздары бойынша қазылар алқасының қорытындысы
а.ж. 30 қарашасына
дейін Департаменттің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жариялануы қажет.

5.6. Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған жеңімпаздар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және естелік сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалғандар арасынан қатысушылар таңдалып, алғыс грамоталарымен марапатталады.

Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс телефондары арқылы алуға болады: 87011864300 - Қасымова Фарида Аманқулқызы.

Қосымша

«Адал еңбектің жарқын бейнесі»

байқауына қатысуға өтінім

1

Оқушының Т.А.Ә.

 

2

Аудан (қала)

 

3

Білім беру ұйымының атауы

 

4

Класс

 

5

Байланыс телефоны