
Ұлттық спорт түрлері бойынша Қарағанды қаласында өткен жамбы атудан облыстық чемпионатта Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылының азаматтары – Нұрхан Тлеухан, Әбді Шұға Жанғазықызы және Оспанов Мейір Оралханұлы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, Нұрхан Тлеухан мажар, корей және түрік стильдері бойынша І орын иеленді.
Әбді Шұға Жанғазықызы корей стилінен І орын, түрік стилінен ІІ орын, мажар стилінен ІІІ орын алды.
Ал Оспанов Мейір Оралханұлы түрік, мажар және корей стильдері бойынша ІІ орын, қазақ стилінен ІІІ орын иеленді.
Жалпы командалық есепте Қарқаралы ауданы І орынды иеленді.
Жерлестерімізді зор жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!