Бизнес-қауымдастықтың әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «ПАРЫЗ-2026» конкурсы өткізіледі.

Бизнес-қауымдастықтың әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «ПАРЫЗ-2026» конкурсы өткізіледі.
 

 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Мемлекет басшысының Жарлығымен республикамызда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын бекітілді.

Конкурсты өткізу жеке кәсіпкерлік субьектілері тарапынан қоғам алдындағы халықтың қал-ақуалын одан әрі жақсарту, жомарт жандар туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыруда өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Конкурсты өткізу жөнінде Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жыл сайын өзінің интернет порталында хабарландыру жариялайды. Конкурс 5 аталым бойынша өтеді.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;

«Үздік ұжымдық шарт»;

«Экологияға қосқан үлесі үшін»;

«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».

Конкурс нәтижелерін қорытындылау рәсімі Астана қалсында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткізіледі. Қарқаралы ауданынан 5 аталым бойынша қатысушы үміткерлер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары 31-8-36, 7 кабинет.

Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.