
Отандық авиацияның аңызға айналған шебері, «Халық қаһарманы», Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай 9–30 сәуір аралығында «Театр — тәрбие бесігі» атты театр айлығы өтуде.
Айлық аясында көрермен назарына тәрбиелік мәні терең, тағылымы мол театр қойылымдары ұсынылуда.
Бүгін «Тәттімбет» ауылының халық театры сахналаған «Қош, махаббат» атты қойылымды тамашаладық. Қойылым барысында адамдар арасындағы достық қарым-қатынас, махаббат, жақсылық пен ізгілік секілді құндылықтар көркем түрде бейнеленіп, қоғамдағы түрлі оқиғалар сахна тілімен әсерлі жеткізілді.
«Қош, махаббат» қойылымы көрерменнің көңілінен шығып, көпшілік тарапынан зор қошеметке ие болды.