ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТТЫҢ СӘНІ!

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТТЫҢ СӘНІ!

Ұлттық киім күні – ата-бабадан қалған мұраны ұлықтайтын ерекше күн. Бұл күні қазақ халқы ұлттық киім киіп, өз мәдениеті мен тарихына деген құрметін білдіреді.

Ұлттық киім тек сән үлгісі ғана емес, ол – ұлттың болмысы мен рухын айшықтайтын асыл құндылық. Бұл мереке дәстүрді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға үндейді.