Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімдігінде «Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана» атты салтанатты кездесу өтті. Шараға әр салада жемісті еңбек етіп жүрген әйелдер қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ілияш мереке иелерін құттықтап, бірқатар марапаттарды табыстады. Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен Балқия Садырбекова мен Анар Смағұлова марапатталды. Ал Құрмет грамотасына Анар Мерсалимова мен Сандуғаш Жармағанбетова ие болды.
Кездесу барысында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сайлау Әлиұлы, қаржы саласының ардагері Оралбибі Алпысбайқызы және шаруа қожалығының жетекшісі Үміт Оспанова аналарға ақжарма тілектерін білдірді. Шара соңында сазгер Әлімжан Макенов «Анашым» әнін орындады.