
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – аналарымыз бен әпке-қарындастарымызға, қыз-келіншектерге деген ерекше құрмет пен алғыс білдіретін мереке. Отбасының берекесі мен қоғамның тірегі болып жүрген барша нәзік жандыларға зор денсаулық, бақыт, молшылық және табыс тілейміз.
Әр шаңыраққа шаттық, амандық, береке тілейміз! Көктем мерекесі әр үйге қуаныш пен жылулық әкелсін!
Мерекелеріңізбен!
Құрметпен, аудан әкімінің м.а. С. Мусин