Ауданымыздың денсаулық сақтау саласына облыс басшылығының қолдауымен 8 жедел жәрдем автокөлігі табысталды. Бұл – тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадам.
Бүгінде ауданымызға жеткізілген судай жаңа заманауи көліктер қызметтерін бастап кетті. Халық игілігіне берілген жедел жәрдем автокөліктері Қарқаралы қаласы, Қарағайлы кенті, Темірші, Шарықты, Бесоба, Қаршығалы және Егіндібұлақ ауылдық округтеріне бөлініп, елге қалтқысыз қызмет етуде.
Жаңа техникалардың іске қосылуы шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, шалғай елді мекендердегі тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.