
Ауа райының күрт жылуына байланысты Қарқаралы қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді.
Қаланың батыс бөлігінде орналасқан Т. Әубәкіров көшесінде су ағарлар қоғамдық жұмыскерлердің көмегімен қар мен мұздан тазартылуда. Бұл жұмыстар еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге және тұрғын үйлерді су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Мамандардың айтуынша, су өткізу арналарының уақытылы тазартылуы көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Алдағы уақытта да осындай алдын алу шаралары қала аумағында бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасын табады.