АҚСАҚАЛДАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

АҚСАҚАЛДАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Ауған соғысы ардагерлерінің күніне орай, аудан ардагерлері арасында бильярдтан жарыс өтті.

Сайысқа барлығы он бір ардагер қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып Қасым ауылының тұрғыны Жаңабек Арапов танылды. Саят Оспанов ІІ орын иегері атанды. ІІІ орынды Аман Сибагатов иеленді.

Жүлдегерлер мадақтама және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жарысқа ауданның Ауған соғысының ардагерлері демеушілік етті.