
Дүниежүзілік сайлау күніне арналған дебат турнирі
2005 жылдың 14-17 қыркүйегінде Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың Жаhандық конференциясында Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының (ЕЕСҰҚ) бастамасымен Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтуді бекітті. Биылғы жылы бұл дата 5 ақпанға келіп тұр.
Осыған орай, 2026 жылдың 29 қаңтар күні Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Жастар коворкинг» орталығында «Дүниежүзілік сайлау күнін» атап өту мақсатында қалалық білім беру ұйымдарындағы жас мамандар арасында «Электоралдық принциптер – сайлаушы сенімінің негізі» атты дебат-пікірсайыс турнирі өтті.
Дебаттың тақырыбында Конституциялық реформа, азаматтардың, әсіресе жастар мен жас мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру және азаматтық белсенділікті күшейтуге, ерекше назар аударылды. Жастардың сайлауға қатысуы - бұл тек дауыс беру ғана емес, бұл -жауапкершілік, саналы таңдау және қоғам дамуына үлес қосу.
Дебатқа қатысушылар осындай тәжірибе келешекте қоғамға, жастарға қажет екенін және орасан зор пайдасын тигізеді деген ортақ пікірге келді.