І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ» ОЙЫНЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ» ОЙЫНЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп барлық білім беру ұйымдарының 9–11 сынып білім алушылары арасында І республикалық «QARZHY SAGSHYSY» компьютерлік ойынын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық схемалар туралы сауаттылығын арттыру (қаржы пирамидалары, дроппершілік, цифрлық сауаттылық және т.б.).

Аталған іс-шараға Қарқаралы ауданының
Қызылту ауылы №13 негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нәрікбай Мадина,
Қарағайлы кенті №16 мектебінің 11-сынып оқушысы Аннаев Джахангир,
Татан ауылы №23 мектебінің 10-сынып оқушысы Жақыпжан Нұрай қатысып, үздік деп танылды.

Жүлдегерлер алғысхаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.