
«Ер қанаты – ат» деп білген қазақтың өмірін жылқысыз елестету қиын. Жастайынан атқа мінуді меңгерген ата-бабаларымыздың өмірлік серігі – жылқының арқасында ұлы даланы иеленуі заңды болып көрінеді. Қазақ үшін жылқы – тек мал емес, өмір салтының бір бөлшегі.
Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылында биылғы 2026 жылғы Жылқы жылының алғашқы жабағы жарысы өтті.
Жабағы жарыстары жасөспірімдердің ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Ұлттық ат спортына қолдау көрсеткен кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының арқасында жарысқа 12 жабағы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын – Социал Арғын
2 орын – Тәңірберген Айхан
3 орын – Қайрат Ақберен
4 орын – Саят Жігер
5 орын – Нұрлан Айсұлтан
Ең жас шабандоз – Байс Бәпи естелік сувенирмен марапатталды, ал жүлдеге ілікпеген шабандоздарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жарысты ұйымдастырып, демеушілік жасаған барша азаматтарға алғысымыз шексіз.